Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының қатысушыларының саны желтоқсанның 1-інде 20-25-ке жетеді дейді орталықтың қызметін қадағалау агенттігінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының  қатысушыларының саны желтоқсанның 1-інде 20-25-ке жетеді дейді орталықтың қызметін қадағалау агенттігінің төрағасы

Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының қатысушыларының саны желтоқсанның 1-інде 20-25-ке жетеді дейді орталықтың қызметін қадағалау агенттігінің төрағасы

АЛМАТЫ. 3-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының алғашқы қатысушысын тіркеу жөніндегі куәлік беру рәсімі өтті. Шараға қатысқан Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының қызметін бақылау Агенттігінің төрағасы Еркін Арыстанов алдағы желтоқсанның 1-інде орталықтың қатысушы саны 25-ке жетіп қалады деп пікірін білдірді.

  • 4 Қараша 2006
  • 469
Фото - Caravan.kz

«Біз желтоқсанның 1-інде жұмысқа кірісеміз»,-деді ол. » Меніңше, орталық құрамын толықтырып отырған жаңа мүшелер туралы мәліметтер келесі аптадан бастап-ақ түсе бастайды. Осыған орай қазір сарапшылық және мен листингтік комиссияларды құрып жатырмыз,-деді Агенттік төрағасы. Арыстанов ереже бойынша жаңа қатысушыны тіркеу үш күнге созылады, компания Жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе Акционерлік қоғам түрінде тіркеле алатынын ескертті.

«Алайда, кейбір банктер еншілес ұйым құру үшін Қаржылық бақылау агенттігі бекіткен ережелер мен шарттарды айналып өтпек болады. Алдағы бір-екі аптада бұл олқылықтардың орнын толтырылып, тіркеуден өтеді деген үміттеміз»,-деді Арыстанов.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, аймақтық қаржы орталығына мүшелікке өту 2006 жылы қазанның 30-ында басталған болатын. Қаржы орталығының өкілдері алдағы қарашаның 16-18-і Германияда өтетін халықаралық жиынға қатысып, германиялық биржа өкілдерімен келіссөздер жүргізбекші. Сонымен қатар, қарашаның 30-ында Лондон биржасымен бірлесіп конференция ұйымдастырып, Орталық Азиядағы қор биржаларының даму мәселелеріне тоқталмақшы.

Еске сала кетейік, Алматыдағы аймақтық қаржылық орталық ерекше құқықтық тәртіпке негізделген арнайы қаржылық аймақ болмақ. Орталықтың Бақылау органы құқықтық мекемелерді тіркеу, салық пен еңбекті бақылау, виза беру тағы да басқа қызметтерді атқарады. Қаржылық орталық үшін арнайы тәуелсіз сот құру да жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта