Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі мен Алматы әкімшілігі нарықтың потенциалды қатысушыларымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының  қызметін реттеу агенттігі мен Алматы әкімшілігі нарықтың потенциалды қатысушыларымен кездесті

Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі мен Алматы әкімшілігі нарықтың потенциалды қатысушыларымен кездесті

АЛМАТЫ. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Кеше Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттейтін ҚР агенттігі мен қала әкімшілігі Алматының потенциалды инвесторлары мен эмитенттері үшін орталықтың инвестициялық мүмкіндігі жөнінде бірлескен дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 683
Фото - Caravan.kz



Шара барысында қатысушыларға қаржы орталығының қызмет ету принциптері туралы , қаланың ірі және орта компанияларына Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының арнайы сауда орталығына құнды қағаз шығару жеңілдіктері жөнінде және қаржы орталығының басқада жұмыс істеу аспектілері тұрғысында мағлұмат берілді.

Кездесуге Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және қадағалау агенттігі , брокерлік және делдал компаниялар қатысты.

Қатысуышлардың айтуынша, Алматының қаржы орталығы ретінде дамуына барлық алғышарттары және артықшылықтары бар. Республикадағы коммерциялық банктерінің 75% осы қалада орналасқан, көбісі зейнетақы активтерін басқаратын жеке компаниялар. Сонымен қатар, Алматыға жоғары капитал шоғырланған және шетел инвестициясын тартуға қолайлы жағдай жасалған.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар, қазіргі таңда қалада көптеген акционерлік қоғамдардың тіркелгенін айтады, көбісінің құнды қағаздар шығаруға толық мүмкіндігі бар және одан әрі даму үшін инвестиция тартуға қабілетті.

Осыған дейін хабарланғандай, Алматыдағы аймақтық қаржы орталығы құнды қағаздар нарығын дамытып, оның халықаралық капитал нарығымен ықпалдасуына , ҚР экономикасына инвестиция тартуға, қазақстандық капиталдың шетелдік құнды қағаздар нарығына шығару мақсатында құрылған.

Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік рейтінг агенттіктерінің тізімін бекітті, олардың бағасын осы ведомство мақұлдайтын болады, олар : Moodys Investors Service, Standard & Poors и Fitch.

Қазіргі сәтте агенттік 17 қор биржасының тізімін бекітті. Олардың арасында

NYSE (АҚШ), «London Stock Exchange» (Ұлыбритания), «Tokyo Stock Exchange» (Жапония), «SWX Swiss Exchange»(Швейцария), «Shanghai Stock Exchange» (Қытай), «Singapore Exchange» (Сингапур), «Фондовая биржа «Московская межбанковская валютная биржа» ЖАҚ, және Қазақстанның қор биржасы бар.

Потенциалды эмитенттер тізіміне Қазақстан,Ресей Укранина және Орталық Азия аймағының компаниялары және қазақстандық банктер, индексті қорлармен, басқа да құнды қағаздармен, активтермен қамтамасыз етілген ААҚО брокерлері және басқада шетелдік эмитенттер ілігеді, деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта