Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықты ұйымдастыру құрылымының жобасы еліміздің қаржылық жүйесіне интеграцияланған - республика үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықты ұйымдастыру құрылымының жобасы еліміздің қаржылық жүйесіне интеграцияланған - республика үкімет басшысы

Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықты ұйымдастыру құрылымының жобасы еліміздің қаржылық жүйесіне интеграцияланған - республика үкімет басшысы

Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықты ұйымдастыру құрылымының жобасы еліміздің қаржылық жүйесіне интеграцияланған. Бұл туралы бүгін, 4-сәуірде Қазақстанда аймақтық қаржылық орталық құруға арналған кеңейтілген семинарды ашу барысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 522
Фото - Caravan.kz

Д.Ахметовтың айтуынша, «жобаны жасау барысында инвестициялық шығындарға талдау жасалды. Жұмыс тобының сарапшылары қаржылық орталыққа сапалы эмитенттер мен инвесторларды тарту үшін қажетті бағалы қағаздар эмиссиясы көлемінің потенциалын, салық бойынша жеңілдіктер мен преференциялардың түрлерін бағалады».

Үкімет басшысы бұған дейін жоба аясында үш жұмыс тобы құрылғанын еске салды. Біріншісі қаржы рыногы саласындағы ликвидтілікті қамтамасыз ету мәселесімен, екіншісі заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі нұсқаулар әзірлеумен шұғылданса, үшіншісі — экономикалық ынталандыру шаралары мен бәсекелі салық ставкалары туралы мәселелерді зерттеуде.
«Халықаралық қаржылық орталық алыс және жақын шетелдерде дәстүрлі қаржылық орталықтар көптен бері жұмыс істеп жатқан қазіргідей бірегей күрделі қаржылық ахуал аясында құрылуда»,- дейді үкімет басшысы. «Соған қарамастан Қазақстанда, соның ішінде Алматыда осындай орталық құруға мүмкіндік бар»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта