Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықтың іс-қызметін реттеу агенттігі Қазақстан қор биржасын коммерциялық ұйымға айналдырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықтың іс-қызметін реттеу агенттігі Қазақстан қор биржасын коммерциялық ұйымға айналдырмақ

Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықтың іс-қызметін реттеу агенттігі Қазақстан қор биржасын коммерциялық ұйымға айналдырмақ

АЛМАТЫ. 3-қараша. Kazakhstan Today. Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықтың іс-қызметін реттеу агенттігі Қазақстан қор биржасын коммерциялық ұйымға айналдырмақ. Бұл туралы ҚР Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықтың іс-қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Еркін Арыстанов бүгін орталықтың бірінші қатысушысына тіркеу куәлігін табыс ету рәсімінен кейін құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Қараша 2006
  • 552
Фото - Caravan.kz

«Біз қазір қор биржасының инфрақұрылымына талдау жасап, маркетингтік зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Бұдан кейін біз заңнамаға өзгерістер енгізу және биржаны коммерциялық ұйымға айналдыру жөнінде шешім қабылдаймыз»,- деді Е.Арыстанов. «Халықаралық барлық дамыған биражалар коммерциялық ұйымдарға жатады. Оған қатысушылар пайда табуға, ал биржа өзінің даму мақсаттарына инвестиция жұмсау мүмкіндіктеріне ие болуға тиіс»,- деді агенттік төрағасы.

«Қазір біз жұмыс топтарын құрып, биржаны жаңартып қайта құру бағытында бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Біз биржаның жарғылық капиталын 10 есе ұлғайтуды көздеп отырмыз. Бүгінде ол 1,5 млн. доллар шамасында. Сонымен бірге халықаралық қаржылық орталықтың жұмыс істеуіне қажетті жаңа қаржылық институттардың мәселесін дәйектеп алу керек»,- деді ол. «Атап айтсақ, клирингтік палата құру, резервтік қор құру, бағдарламалық қамтамасыздықтарға қойылатын талапты күшейту, биржаның функцияларын арттыру, күн сайын шығатын газеттер, тіпті күнделікті шығатын телеарналар ашу мәселелері бар»,- деді Е. Арыстанов.

Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықтың іс-қызметін реттеу агенттігі 2010-жылға дейінгі даму бағдарламасына қатысты өз ұсыныстарын енгізбекші. Ол республика үкіметіне осы жылдың желтоқсан айының ортасына дейін таныстырылады. Сонымен бірге мемлекет басшысының Ұлыбританияға сапары аясында 20-қарашада Лондонда халықаралық кеңес мүшелерінің отырысында бірқатар мәселелер топтамасын талқылау межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта