Алматыдағы Әл -Фараби даңғылының бойында 120 түп шырша отырғызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Әл -Фараби даңғылының бойында 120 түп шырша отырғызылды

Алматыдағы Әл -Фараби даңғылының бойында 120 түп шырша отырғызылды

Алматы. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау басқармасы көпшілікке ортақ жерлерге күзгі- қысқы ағаш көшеттерін отырғызуды бастады. Соған сәйкес Бостандық ауданының Әл -Фараби даңғылының бойында 120 түп шырша отырғызылды. Бұлар бұрын кесілген ағашитардың орнын толтыратын болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2008
  • 607
Фото - Caravan.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «»Ботаника және фитоинтродукция институты» дайындаған жоба бойынша жүзеге асып жатқан бұл игілікті шара Әл -Фараби, Достық даңғылдары мен Науаи көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл — «2008 жылы Алматы қаласын көгалдандыру, қала көшелерін абаттандыру жобаларының модельдерін жасау» үшін атқарылып жатқан істің бірі.

Әлі де 50 түп шырша отырғызу жоспарланған. Араға екі жыл салып бұл фирма көшеттерді күту жұмыстарын да жүргізетін болады.

«Алматы қаласында жасыл желекті қорғау мен күтіп ұстаудың ережелері» атты құжатқа сәйкес қалада отырғызылатын ағаш көшеттерінің сапасы І немесе ІІ сыныпты болуы тиіс. Бұлар отырғызылғаннан соң екі жыл қатарынан нақтылы күтімге алынады.

Алматы қаласының табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау басқармасының арнайы рұқсатымен ғана ағаш кесіледі және оның орынан міндетті түрде көшет отырғызылады. Жай кесуге 3 есе, ал рұқсатсыз кесілген ағашқа 10 есе көлемінде айыппұл алынады.

Алматы қаласының табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау басқармасы компенсациялық көшеттерге, жас өскіндерге бақылау жасайды. Аталған басқарма нұсқауы бойынша 8 мың ағаш отырғызылуы тиіс. Өздеріне берілген мідеттерді орындамаған мекемелерге ескертулер жіберілді. Олар бұған да назар аудармайтын болса, іс сотқа беріледі. Басқарма осы мәселе бойынша бірнеше істі жеңіп шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар