Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды

Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапқан. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 20 Мамыр 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 19 мамырда кешкі 23:45-те Toyota Grаcia көлігінің 2001 жылы туған жүргізуші әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта жүріп бара жатып рөлге ие бола алмай, бетон жиектасқа соққан.

"Кейін Toyota әл-Фараби даңғылының бойымен батыс бағытта бара жатқан, 1994 жылы туған тұрғынның басқаруындағы Chevrolet маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Әрі қарай Toyota жарнамалық тақтаның металл тірегіне соққан. Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан Toyota Grаcia көлігінің 2001 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, көліктегі қалған төрт адам, оның ішінде жүргізуші де әртүрлі дене жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді", — деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.


Оның айтуынша, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.