Алматыдағы «Алғабас» ықшамауданында орналасқан апатты үй бұзылмайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы «Алғабас» ықшамауданында орналасқан апатты үй бұзылмайтын болды

Алматыдағы «Алғабас» ықшамауданында орналасқан апатты үй бұзылмайтын болды

Алматыдағы «Алғабас-6» ықшамауданында орналасқан апатты үй алдағы уақытта бұзылмауы мүмкін, деп хабарлайды 24 кз.

  • 12 Шiлде 2016
  • 402
Фото - Caravan.kz

Осы нысанды тұрғызған құрылыс компаниясы оны коммерциялық мақсатта пайдаланатын сыңай бар. Ал баспанасыз қалған пәтер иелері болса жаңа үйдің салынуын күтеді. Өткен апта соңында дәл сол маңайдан көпқабатты жаңа үйдің құрылысы басталды. Оның сапасына кім жауап береді? Жаңа үй жаңа жылға дейін тапсырыла ма? Үйдің іргетасын құятын қазандық қазылды. Тереңдігі – төрт метр. Қазу жұмыстары 7 маусымда басталды. Құрылыс компаниясының өкілдері жұмыс сапалы болады деп сендіреді. 

— 1 желтоқсанға дейін толық бітіремін. Бірақ 16 желтоқсанда кіргізіледі адамдар. Бәрін көресіздер. Егер кем-кетіктері болса, сол жерде жасаймыз бәрін, дейді құрылыс алаңының басшысы Мейіржан Досанов.

Ал апатты деп танылған 9 қабатты үй бұзылмайды. Оған қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

— Бұрынғы апатты жағдайдағы ескі үйді жөндеуге өткізіп, өздері сата ма, көреді. Ал қаламен келісімшартқа отырды, қала тұрғындары, құрылыс компаниясы – үшжақты келісім бар, деді Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров.


Жалпы, Алғабастағы апатты үй оқиғасынан кейін қала әкімінің бұйрығымен жұмыс комиссиясы құрылған. Бұл комиссия осы аудандағы жаңадан бой көтерген үйлердің сапасын тексеруі керек еді. Дегенмен коммисся мүшелерінің ешқайсысымен кездесудің реті келмеді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі де камераға айтып бергеннен гөрі, жазбаша ақпарат қана жіберумен шектелді. Ондағы мәліметке сай, қазір 20 нысан тексерілген. Зерттеу қорытындыларын Қазақтың құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты шығарады.

 

Соңғы жаңалықтар