Алматыдағы аралас мектептер енді біртіндеп қазақ тіліне көшіріле бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы аралас мектептер енді біртіндеп қазақ тіліне көшіріле бастайды

Алматыдағы аралас мектептер енді біртіндеп қазақ тіліне көшіріле бастайды

Бүгінгі күні тілді үйренуге деген әдістеме құралдарына тапшылық жойылды. Оны кеше Алматыда шаһар басшысы Ахметжан Есімов «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсмінде айтты.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 527
Фото - Caravan.kz

«Қаламыздағы мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны жыл сайын төрт-беске ұлғайып, қазір 60-қа жетті. Енді 58 аралас мектепті де біртіндеп қазақ тіліне көшіру жоспары бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақша оқитын балалардың саны бар-жоғы 8 мың болса, биыл 74 мыңға жетті. Яғни 9 есеге артты. Еліміз бойынша тек қаламызда ғана қазақ тілін 2 топқа бөліп оқыту қарастырылған. Оған жергілікті бюджеттен қосымша 400 млн. теңгедей қаражат бөлінді», — деді А.Есімов. Қала әкімінің айтуынша, салалар бойынша терминологиялық сөздіктер, орысша-қазақша тілдескіштер, ресми іс қағаздарының үлгілері қазір жеткілікті. Тіл мәселесін балабақшадан бастау қажет деген сөз нақты іс арқылы нәтижесін бере бастады. Бүгінгі таңда қаламыздағы мемлекеттік балабақшаларда орыс тілінде тәрбиеленіп жатқан балалардың саны 15 мың болса, қазақша тәрбие алатын балалардың саны 30 мыңнан жоғары. Яғни 2 есеге асып тұр. Бұл «Қазақстанның — болашағы қазақ тілінде» деген сөздің тағы бір дәлелі.


Ахметжан Смағұлұлының сөзіне қарағанда, қазір өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тіліне деген тіл ұстартуы ерекше. Демек балабақшалардың оқу-әдістемелік кешені де соған сәйкес болуы керек. Қазақ балалар әдебиетінің асыл қорынан құрастырылған «Балаларға базарлық», «Шәкірттерге шашу», «Асыл сөз» атты аудиокітаптары — соның алғашқы қарлығаштары. Әрқайсысы 10 минуттан тұратын 125 сериядан тұратын қазақ ертегілерінің анимациялық жинағы да сондай ауқымды жобаның бірі. «Сиқырлы қалам» оқу-әдістемелік кешені де — жаңа бағыттағы инновациялық тіл үйрету құралы. Қазақ және ағылшын тілдерін үйрететін ғажайып қалам Алматыдағы барлық мемлекеттік балабақшалар мен мектеп-интернаттарға, балалар үйлеріне таратылды. Алғашқы 2 жоба бойынша жыл соңына дейін тағы да жаңа өнімдер қолымызға тиетін болады.

Перейти к новостям спорта