Алматыдағы арзан жәрмеңкелер тұрғындардың көңілінен шықпай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы  арзан жәрмеңкелер тұрғындардың көңілінен шықпай отыр

Алматыдағы арзан жәрмеңкелер тұрғындардың көңілінен шықпай отыр

Алматыдағы арзан бағамен ауыл шаруашылық өнімдерін саудалап жатқан кей жәрмеңкелер тұрғындардың көңілінен шықпай отыр. Өйткені “арзан” деген аты ғана болмаса, бағасының басқа сауда нүктелерінен ешбір айырмашылығы жоқ. Оған қоса, аула маңында орналасқан базарлар үйлердің алдын қоқысқа толтырып біткен. Бүгін осындай бір жәрменке жұмысына наразылық білдірген Алматы тұрғындары бас көтерді.       

  • 14 Шiлде 2011
  • 616
Фото - Caravan.kz

Ауыл шаруашылық өнімдерін арзан бағамен сату үшін ашылғанбазардың жұмыс істеп жатқанына осымен 13-ші күн. Тұрғындар алғашында әкімдік өкілдері  «сауда нүктесі тек демалыс пен мейрам күндері ғана қызмет көрсететін болады» деп түсіндіргенін айтады; тек  үш сағаттан ғана. Бірақ іс жүзінде олай болмай шыққан. Базар тәулік бойына істейді.

Зүбайра Мешітбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

— Түнімен айқай-шу, ұйықтай алмай қалдық. Балаларымыз бар, жұмыстан келетін адамдарымыз бар. Күзетіп отыра ма, білмеймін.  Түнімен шулап шығады.

Шумен бірге тұрғындар іргелеріне жайғасқан жәрменкеден күндіз-түні қолқаңды жаратын иістіңпайда болғанын айтады.  Иіс  Біржан көшесінің қақ ортасында тұрған дәретханадан шығып жатыр екен. Тілшілер келгенін көре сала, қожайыны оның есігін жауып үлгерді.

Жүнісбек Айтбасаров, Алматы қаласының тұрғыны:

— Мынаны алыңыздар, дұрыс емес қой. Ел тұрады, ауру адамдар бар, далаға қыдырып шағады. Ол жерге базар қойып тастаған. Барлық иіс терезеге келеді. 

“Арзан баға” деген аты ғана болмаса, мұндағы сатылып жатқан өнімдер көктегі құнды сұрайды”, — дейді ашынған тұрғындар. 

— Бұл дұрыс емес.
Базардан әкеледі, бағасын екі есеге көтеріп сатады.

— Жәрменке болғанымен, бағасы қымбат. Таңдау жоқ. Таразыларын көрсетпейді.

— Ет сатып жатыр, бірақ шыбын  үймелеп жатыр. 

Шынында да шыбынның көкесі осы жерде екен. Тек ет сатушы жігіт қасындағы кішігірім тоңазытқышты көрсетіп, тауарын сонда сатқтайтынын айтты. 

Райхан Құралова, сатушы:

Ешқандай да қоқыс тастамаймыз. Артынан жинап кетеміз. Қай жерден    қалдық көріп тұрсыздар?!  

“Ауламыздан базар алыстатылсын” деген тұрғындардың  өтінішімен Әуезов ауданының басшылары таныс екен. Сондықтан жақын уақытта жәрменке басқа жаққа көшірілуі мүмкін.

Айнұр Жантұрсынова, Алматы қаласы Бостандық аудандық Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы: 

— Халық қарсы болып жатса, әрине, онда базарды басқа жерге көшіреміз. Халықтың пікірімен санасатын боламыз.

Десе де, жұрттың көңіліне жақпай қалған  бұл жәрменкенің әзір қайда барары белгісіз. Өйткені бағасы қанша арзан деп жар салса да, алдымен шуға, сасық иіске «шыдас беретін»ортадан орын табу қажет.

Соңғы жаңалықтар