Жарияланды: 570

Алматыдағы әуежайда тіркеу жүйесінің бұзылу себебін тексеру талап етілді

ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Қамалиев ұшырылымдардың тұрақты болып тұруын қамтамасыз ету мақсатында «Эйр Астана» АҚ мен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ және «Алматы халықаралық әуежай» АҚ арасындағы өзара іс-қимыл мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп ККМ баспасөз қызметінен хабарлады.

2011 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев ұшулардың жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында «Эйр Астана» АҚ, «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ және «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ өзара іс-қимылдарын үйлестіру мәселесі жөнінде осы кәсіпорындардың бірінші басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді. Жиналысты аша отырып, көлік ведомствосының басшысы Берік Камалиев жолаушылардың соңғы күндері рейстердің кідіруіне байланысты наразылықтарын еске салды. Көлік ведомствосының басшысы Б.Камалиев басшылардың дәлелдемелері мен ұсыныстарын тыңдай келе, азаматтық авиация комитетіне қысқа мерзім ішінде таяудағы жолаушыларды тіркеу автоматтандырылған жүйесінің тоқтап қалуына байланысты жұмыстың кідіруіне әкелген жайтпен айналысуды, ұшулардың жүйелілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын толық іске асыру мақсатында «Эйр Астана» АҚ және аталған әуежайлар арасындағы іс-қимылдардың үйлесімділігін қамтамасыз етуде қосымша пәрменді шаралар қолдануды тапсырды, делінген баспасөз қызметінің сәрсенбі күні таратқан хабарында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін