Жарияланды: 600

Алматыдағы балабақшада балалардың жаппай улану оқиғасы орын алды

Алматыда "ГауҺар" атты оқыту-тәрбиелеу орталығының 19 баласы улану белгілерімен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне 11-желтоқсанда Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

Басқарма ақпаратына сәйкес, зардап шеккен бірінші бала 10-желтоқсан күні 17 сағатта қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Ал қалғандары 11-желтоқсанға қараған түні бойы бір-бірлеп ауруханаға жеткізілсе керек. Балалардың жағдайы "ауыр" және "орташа ауыр" деп бағалануда. Қалалық тазалық-індет станциясы басқармасының шешімімен Ақсай-4 ықшамауданында орналасқан балабақша жабылды. Бұл жерде тазалық-індет станциясы, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен полиция топтары жұмыс істеуде. Балабақшадағы азық-түлік тауарлары тәркіленіп, зертханаға тексеруге жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін