Алматыдағы балабақшада тамақтан уланған балалардың денсаулық ахуалы ауыр күйінде қалып отыр, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ
10-желтоқсанда тамақтан уланып ауруханаға түскен Алматыдағы "ГауҺар" атты оқыту-тәрбиелеу орталығында тәрбиеленуші 18 баланың денсаулық ахуалы ауыр күйінде қалып отыр, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне балалардың қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан хабарлады. |
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10-желтоқсан күнгі кеш пен 11-желтоқсанға қараған түн аралығында балалардың қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына Алматыдағы "ГауҺар" орталығында тәрбиеленуші 3 пен 8 жас арасындағы 18 бала ауыр ішек инфекциясының белгілерімен жатқызылған болатын. Бұған дейін зардап шеккен балалардың саны 19 деп хабарланған еді. Балалардың жағдайы "ауыр" және "орташа ауыр" деп бағалануда.
Қалалық тазалық-індет станциясы басқармасының шешімімен Ақсай-4 ықшамауданында орналасқан балабақша жабылды. Бұл жерде тазалық-індет станциясы, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен полиция топтары жұмыс істеуде. Балабақшадағы азық-түлік тауарлары тәркіленіп, зертханаға тексеруге жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін