Алматыдағы балабақшада тамақтан уланған балалардың денсаулық ахуалы ауыр күйінде қалып отыр, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы балабақшада тамақтан уланған балалардың  денсаулық ахуалы ауыр күйінде қалып отыр, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Алматыдағы балабақшада тамақтан уланған балалардың денсаулық ахуалы ауыр күйінде қалып отыр, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

10-желтоқсанда тамақтан уланып ауруханаға түскен Алматыдағы "ГауҺар" атты оқыту-тәрбиелеу орталығында тәрбиеленуші 18 баланың денсаулық ахуалы ауыр күйінде қалып отыр, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне балалардың қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 637
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10-желтоқсан күнгі кеш пен 11-желтоқсанға қараған түн аралығында балалардың қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына Алматыдағы «ГауҺар» орталығында тәрбиеленуші 3 пен 8 жас арасындағы 18 бала ауыр ішек инфекциясының белгілерімен жатқызылған болатын. Бұған дейін зардап шеккен балалардың саны 19 деп хабарланған еді. Балалардың жағдайы «ауыр» және «орташа ауыр» деп бағалануда.

Қалалық тазалық-індет станциясы басқармасының шешімімен Ақсай-4 ықшамауданында орналасқан балабақша жабылды. Бұл жерде тазалық-індет станциясы, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен полиция топтары жұмыс істеуде. Балабақшадағы азық-түлік тауарлары тәркіленіп, зертханаға тексеруге жіберілді.

Соңғы жаңалықтар