Жарияланды: 490

Алматыдағы “Бақай” деп аталып кеткен ықшамауданның атауы өзгертілді

Алматыдағы В. Федосеев көшесінің шығысында, Б. Майлин көшесінің оңтүстігінде орналасқан атауы жоқ шағынауданға "Жас қанат" атауы берілсін.

Бүгін Алматыда өткен IV сайланған мәслихаттың ХХХХV сессиясында осындай шешім қабылданды. Мәслихат барысында қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов "Алматы қаласы Түркісіб ауданындағы шағынауданның атауын өзгерту туралы" баяндама жасады. Оның айтуынша, "Бақай" деп аталып келген шағынаудан енді "Жас қанат" атауын иеленбек. Осыған орай "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" Заңның 13 бабының 4 тармағына сәйкес қалалық онамастика комисиясы ұсынысы негізінде қала әкімдігінің қаулысы мен мәслихат шешімі қабылданып отыр. Онда Экономика бюджеттік жоспарлау басқармасы шағынауданның өзгеруіне байланысты қаланың жергілікті бюджетінде көзделген қаржы есебінен қаражат қарастыратын болады. Түркісіб ауданы әкімі осы нормативтік актіні іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдайды. Оның орындалуын бақылау мәслихаттың әлеуметік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Е. Тәжиев мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелді. Бұл нормативтік құқықтық акті ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін