Алматыдағы Бақай елді-мекенінде заңсыз тұрғызылған баспаналар қиратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Бақай елді-мекенінде заңсыз тұрғызылған баспаналар  қиратылды

Алматыдағы Бақай елді-мекенінде заңсыз тұрғызылған баспаналар қиратылды

АЛМАТЫ. 7 шілде. Kazakhstan Today. Алматы қаласындағы Бақай ауылында заңсыз тұрғызылған баспаналар қиратылды, деп хабарлайды оқиға орнынан агенттік тілшісі.

  • 7 Шiлде 2006
  • 524
Фото - Caravan.kz

Басып алынған жерге тұрғызылған 500-ге жуық үй қиратылды. Оның 30 сот шешімімен, ал қалғаны қала әкімінің шешіміне сәйкес бұзылды.

Бүгін таңертең 5 сағат 10 минутта құқықорғаушылар елді-мекенге апаратын жолдардың бәрін жауып тастады. Тұрғындардың айтуынша, 2 мыңға жуық адам ауылды қоршауға алған, содан кейін уйлерді қирату басталыпты.

Тұрғындар түнгі сағат екіден бастап уйлерінің маңайына техниканы жолатпау мақсатында шұнқыр қаза бастаған. Олар шөлмектерге жарылғыш зат салып, ауылға апаратын бес жолға қоршау жасапты. Агенттік тілшісінің хабарлауынша, төрт адам түрлі жарақат алып, тағы екі адамды құқықорғауышылар жарылғыш зат салынған шөлмектерді пайдаланғаны үшін ұстаған.

Аты-жөнін айтуды жөн санамаған ауыл тұрғыны «Біз болашағамыздың далада қалғанын қаламаймыз, сондықтанда төтеп беруге бар күшімізді саламыз, егер баспаналарымызды қирататын болса өз-өзімізге қол жұмсаймыз»,- деген.

Перейти к новостям спорта