Алматыдағы Баум бағында сенбілік өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Баум бағында сенбілік өтеді

Алматыдағы Баум бағында сенбілік өтеді

Алматыда Баум бағын санитарлық тазалау бойынша 4-ші маусым күні сағат 10-да сенбілік өтеді. Бұл шара 5-ші маусымда аталып өтілетін қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күніне арналады, деп қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Маусым 2011
  • 380
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше сенбілікке қалалық қоғамдық бірлестіктер, экологиялық ұйымдар мен қала тұрғындары қатысады.

«Сенбікке қатысушылар қажет аспаптармен қолғаптармен, қапшықтармен қамтамасыз етіліп, оларға тамақтану қосындары ұйымдастырылады», — деді әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай сенбілікке дейін Баум бағында территорияны кенеге қарсы толық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Қоршаған ортаның Дүниежүзілік күні БҰҰ бас ассамблеясының 27-ші сессиясында 1972 жылы 16-шы желтоқсанда бекітілген. Ол жыл сайын бүкіл әлемде 5-ші маусымда аталып өтіледі. Бұл дүниежүзілік күн датасы адамның қоршаған ортасының проблемасы жөніндегі 1972-шы жылы өткен Стокгольм конференциясының басталуының белгісі ретінде таңдалған болатын. Бас Ассамблея өзінің резолюциясында БҰҰ жүйесіндегі мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын осы күнді олардың қоршаған ортаны жақсарту және сақтауға деген ұмтылысын қуаттайтын шаралармен атап өтуіге шақырады.

Соңғы жаңалықтар