Алматыдағы бір колледждің студенті ақша боспалады деп күдіктеліп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы бір колледждің студенті ақша боспалады деп күдіктеліп отыр

Алматыдағы бір колледждің студенті ақша боспалады деп күдіктеліп отыр

Алматыдағы бір колледждің 1 курс студенті өзінің курстасынан және 10-шы сынып оқушысынан ақша бопсалады деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

  • 21 Маусым 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласының 16 жастағы тұрғыны өткен дүйсенбі күні сағат 11 шамасында «Ақсау-4» ықшам ауданындағы өз үйінің қасында Т120 мың алу үстінде ұсталды.

Дереккөздердің айтуынша, зардап шеккен балалардың ата-аналары бір жас жігіт олардың ұлдарынан күш көрсетемін деп қорқытып, ақша талап еткенін айтқан.

Ұсталған жігітке қатысты ҚР ҚК 181 бабында (бопсалау) қарастырылған қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөздердің айтуынша, «қылмыстық баптың санкциясы 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе 100 АЕК көлемінде немесе сотталғанның 3 айдағы жалақысы немесе өзге кірісі көлемінде айыппұл төлеумен 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады».

Қалалық ІІД тергеу басқармасы жүргізіп жатқан тергеу аяқталғанша, кәмелетке толмаған рэкетир ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Соңғы жаңалықтар