Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Медеу ауданындағы №33 орта мектепте болған. 11-желтоқсанда 11 сағат 30 минутта мектеп ғимаратында тұншықтырғыш әсері бар белгісіз газ шашылған.
Оқыс оқиға салдарынан 10-12 жас аралығындағы он оқушы жеңіл уланды. Алғашқы жедел жәрдемнен кейін балалар үйлеріне жіберілді. 10 жастағы бір бала орташа жағдайда ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті