Алматыдағы дауылдан кейін 11 адамы бар 3 автокөлік құлаған ағаштың астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы дауылдан кейін 11 адамы бар 3 автокөлік құлаған ағаштың астында қалды

Алматыдағы дауылдан кейін 11 адамы бар 3 автокөлік құлаған ағаштың астында қалды

Бүгін Алматыда бұршақ аралас жаңбыр жауып, қатты дауыл болды. Жаңбыр кезінде байланыс үзілді.

  • 27 Маусым 2011
  • 594
Фото - Caravan.kz

Желдің қатты соққаны соншалық, қаланың бірқатар аудандарында ағаштарды құлатты. Жарнама қағаздары жыртылған. Қазіргі кезде байланыс және электр қуаты үзілген.

Дүйсенбі күні Алматыда нөсер жауын мен дауыл жел кезінде 11 адамы бар 3 автокөлік құлаған ағаштың астында қалды, деп хабарлады агенттікке қалалық құтқару қызметінен.

Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, Бостандық ауданында Тимирязев пен Гагарин көшелерінің қиылысында бір ер адамның автокөлігіне ағаш құлағаны туралы ақпарат бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметке сағат 14:37-де түскен.

16 минуттан кейін тағы 3 адам ағаштың құлауы салдарынан Сәтпаев пен Радостовец көшелерінде көлікке қамалып қалғаны туралы ақпарат түсті.

Бұған қоса, Алматының Медеу ауданындағы Горная көшесінде бір көлікпен келе жатқан 7 адамды ағаш басып қалған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ағаштың астында қалған адамдарды қалалық құтқарушылар бригадалары алып шықты.
Алматының қалалық құтқару қызметінің құтқарушылары «Медеу» мұз айдынынан «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешеніне апаратын арқан жолдың вагонында қалып қойған 12 жастағы балаға көмек көрсетіп жатыр.

Қалалық құтқару қызметінің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің хабарлауынша, болған оқиға туралы дүйсенбі күні сағат 15:43-те жедел жәрдем дәрігерлерінен белгілі болған.

«Қазіргі уақытта баланы алып шығып, жерге түсіру бойынша шаралар қабылданып жатыр», -деп хабарлайды құтқарушылар.

Соңғы жаңалықтар