Алматыдағы дауылдан кейін Медеу ауданында әлі 13 подстанция тоқтап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы дауылдан кейін Медеу ауданында әлі 13 подстанция тоқтап тұр

Алматыдағы дауылдан кейін Медеу ауданында әлі 13 подстанция тоқтап тұр

Алматыда 27 маусымда болған нөсер жауын, бұршақ пен дауыл желден кейін 95 аудандық трансформаторлық подстанция істен шыққан; бүгінгі күні 13-і әлі тоқтап тұр, деп хабарлайды сәрсенбі күні ТЖМ қызметі.

  • 29 Маусым 2011
  • 552
Фото - Caravan.kz

«Сейсенбі сағат 19-дағы жағдай бойынша, істен шыққан 95 аудандық трансформаторлық подстанцияның 8-і Әуезов ауданының Қалқаман елді мекенінде, 16 подстанция Алатау ауданының Заря ауылында, 58 подстанция Медеу ауданында қалпына келтіріліп, іске қосылды. Медеу ауданында әлі 13 подстанция тоқтап тұр», — делінген ведомствоның ақпаратында.

ТЖМ-нің атап көрсетуінше, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «Алматы Жарық компаниясы» АҚ жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 27 маусымда Алматы қаласының аумағында өтпелі дауыл салдарынан жаңбыр және бұршақ күйінде қалың жауын-шашын жауып, жел күші 11 м/с болды. Ал, таулы жерде желдің күші секундына 13-16 м болған. «Каменское плато» маңындағы жел күші секундына 26 м. жеткен. Бұршақ аралас нөсер жауын мен дауыл салдарынан 16 жоғары вольтты электр желілері апатты түрде өшіп қалды. 12 электр бағанын жел құлатқан.

Соңғы жаңалықтар