Алматыдағы "Дербес" сыра зауытында 100 литр улы аммиак ауаға таралды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы "Дербес" сыра зауытында 100 литр улы аммиак ауаға таралды

Алматыдағы "Дербес" сыра зауытында 100 литр улы аммиак ауаға таралды

"Ақнар " ЖШС-іне қарайтын "Дербес" сыра зауытында 100 литр улы аммиак газы апат салдарынан ауаға таралды,- деп хабарлайды Алматы өртке қарсы күрес қызметі.

  • 30 Маусым 2003
  • 783
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа жүгінсек, аммиакты-компрессорлық қондырғының қақпағы жұлынып кету салдарынан 27-маусымда кешкі 20 сағат 50 минутта ауаға улы газ таралған. Ауаға аммиак таралу оқиғасы 5-10 минутқа созылған. Апатқа кәсіпорын мамандарының күшімен тосқауыл қойылды.

Улы заттың таралуы салдарынан 1970-жылы туылған қондырғы операторы Жеңісбек Бектемісовтің ағзасының 52 процентін күйік шалып, жоғарғы тыныс алу жолдарына зардап келді. Қазір ол Алматы қалалық 4-ауруханасының реанимациялық бөлімінде жатыр.
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің мәліметіне сәйкес, аммиакты-компрессорлық қондырғыны монтаждау барысындағы ақау апатқа себепкер болды. Жалпы алғанда, бұл өндірісте шамамен 1 тоннадай аммиак қолданылады екен. Алайда, аталмыш кәсіпорында аса қатерлі улы заттың қолданылатындығынан ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі бейхабар болып шықты. Бұл туралы кәсіпорын Агенттікке мәлімет бермеген көрінеді.