Алматыдағы ірі дүкендер желісінің жұмысына қатысты қаржылық дау шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы ірі дүкендер желісінің жұмысына қатысты қаржылық дау шықты

Алматыдағы ірі дүкендер желісінің жұмысына қатысты қаржылық дау шықты

Алматыдағы «7Я» супермаркеттер желісіне қатысты қаржылық дау шықты.

  • 31 Мамыр 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

Оған себеп Қазкоммерцбанк жобаның қарызын қайта құрылымдаудан, компанияның негізін қалаушы дүкен желісінен бас тартқан. Бұл туралы бүгін Алматыда «7Я» супермаркеттер желісі» АҚ басқарма төрағасы, жобаны дағдарыстан оңалту тобының жетекшісі Дина Сарғұлова арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Оның айтуынша, әлемдік қаржы дағдарысы басталған уақытта компания да дағдарысқа ұшыраған. Жағдайды түзеу үшін компанияның негізін қалаушылардың бірі, акционері, Бауыржан Баймұқанов инвестор ретінде «Ресми» инвестициялық компаниялар тобын шақырады. Сонымен қатар «АТФ банк» алдындағы қарызын Қазкоммерцбанк қайта қаржыландырады. Өз кезегінде «Ресми» ИК тобы Қазкоммерцбанкпен бірлесе отырып, дағдарысты басқару үшін тәуелсіз менеджерлер тобын шақырады. «Осы кезеңде негізгі акционер Бауыржан Баймұқанов мемлекеттік қызметке ауысып, компания жұмысына көңіл бөлуді қойды. Ал басқарушы топ қиындыққа қарамастан негізгі міндеттерді орындауға кірістік. 200-ден астам кредитор мен тауар жеткізушіге қатысты мәселелер шешіліп, реттелді. Қаржыландырушы компаниялар алдындағы қарызын анықтау, өтеу мәселесіне қатысты жұмыстар атқарылды. Қазкоммерцбанк пен «Ресми» компаниялар тобының алдындағы қарыздары өтеле бастады. Бұған сәйкес, бізді жалдаушы екі тарап, оңалту үшін қосымша қаржы құю керек болатын. Өз кезегінде «Ресми» ИК тобы оңалту бойынша міндеттемесін толық орындап, 1,1 миллиард теңге қаржы бөлді. Ал, Қазкоммерцбанк өз қаржыландыру туралы міндеттемесін орындамады, бұнымен қатар бұрынғы қарызын қайта құрылымдаудан да бас тартып, үш жақты келісімді бұзды», — дейді Д.Сарғұлова.

«Қазкоммерцбанк енді сот арқылы бұрынғы қарызды қайтаруды талап етіп, өзінің несие желісіне тиесілі активтерді сот арқылы сататынын жариялап отыр. Дағдарысқа қарсы қыруар жұмыс атқарған бізге, әріптестеріне банк осындай жауап қайтарды. Банктің жобаны оңалтуға көмек көрсетіп, артынан тастап кетуі біз үшін түсініксіз»,- дейді Д.Сарғұлова.

ҚазАқпарат анықтамасы: 7Я дүкендер желісі Алматы мен Алматы облысындағы ең ірі сауда желісінің бірі. Желі қарамағында жылдық таза табысы 2,3 миллиард теңгені құрайтын 25 ірі дүкен бар. Өткен жылы қаржы дағдарысына байланысты компания өз қызметін тоқтататыны туралы жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар