Алматыдағы халықаралық бизнес-конференцияны ұйымдастырушылар бас қосу қорытындысын жоғары бағалауда - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы халықаралық бизнес-конференцияны ұйымдастырушылар бас қосу қорытындысын жоғары бағалауда

Алматыдағы халықаралық бизнес-конференцияны ұйымдастырушылар бас қосу қорытындысын жоғары бағалауда

Азия қоғамының "Диверсификация және тұрақты өсу стратегиясына ден қойған Қазақстан инвестициялардың жаңа легін тарта бастады" деген тақырып бойынша Алматыда өткен халықаралық бизнес-конференциясының қорытындысы ұйымдастырушылар күткен межеден асып түсті. Еуразиялық Медиафорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мен Азия қоғамының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ричард Холбрук форумға осындай баға берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Маусым 2005
  • 533
Фото - Caravan.kz

«Екі күн ішінде тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге жалпы Орталық Азия аймағының мүддесіне қатысы бар көптеген көкейкесті тақырыптар талқыланды»,- деді жиынды қорытқан өз сөзінде Д.Назарбаева. «Атап айтсақ, бас қосуда нарықтық экономиканы диверсификациялауға тұрақты негіз қалау, инвестициялық ахуалды нығайту, Еуропа мен Азияның әлеуетін мейлінше тиімді пайдалану, энергетикалық сектордың мүмкіндіктері мен қаржылық сектордың тұрақтылығы, аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастық және басқа да тақырыптар сарапқа салынды»,- деді ол. Конференцияны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылық білдерген Д.Назарбаева форум өз жемісін береді дегенге сенім білдірді.

«Бұл конференция біздің бастапқы межемізден әлдеқайда жоғары табысқа қол жеткізді»,- деді Р.Холбрук. Оның айтуынша, «конференцияға қатысушылар одан бір ғана түйін жасады: дүниежүзінде және аймақ шеңберінде Қазақстан шын мәнінде айрықша маңызды роль атқарады».

Перейти к новостям спорта