Алматыдағы Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде 2013 жылы Әлем кубогы жарысы өтуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде 2013 жылы Әлем кубогы жарысы өтуі мүмкін

Алматыдағы Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде 2013 жылы Әлем кубогы жарысы өтуі мүмкін

Алматыдағы Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешеніндегі сынақтық Құрлықаралық Кубок жарысы сәтті өтті.

  • 27 Қыркүйек 2010
  • 555
Фото - Caravan.kz


«Дәрежесі жағынан Әлем кубогының кезеңдік жарыстарынан бір саты төменде тұрған бұл бәсекені Қазақстанда өткізу туралы шешім Халықаралық шаңғы федерациясында осыдан 2 жыл бұрын қабылданған болатын. Биыл алғашқы кезеңі пайдалануға берілген Алматыдағы шаңғымен тұғырдан секіру кешені спорттың бұл түрінен жарыстар өткізу үшін барлық талаптарға сәйкес келетіні туралы құзырлы федерация тарапынан ресми түрде мойындалды. Халықаралық шаңғы федерациясының өкілдері Құрлықаралық кубок жарысының ұйымдастырылуына жоғары баға беріп отыр», дейді ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті, «VII Қысқы Азия ойындары» бойынша Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Павел Новиков. Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемде теңдесі жоқ нысан саналатын Алматыдағы халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде енді 2 жылдан кейін Әлем кубогы жарысы өтуі мүмкін. 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын сәтті өткізе алсақ ол бұған өз ықпалын тигізетін болады. Бүгінгі таңда кешен құрылысының екінші кезеңін жүргізу кезінде 20 шақырымдық шаңғымен жүру жолын салу мәселесі де өз шешімін тауып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера