Алматыдағы концерттер: Азиада құрметіне арналған фанфарлар - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы концерттер: Азиада құрметіне арналған фанфарлар

Алматыдағы концерттер: Азиада құрметіне арналған фанфарлар

Алматыда 7-қысқы Азия ойындары аясында өтетін «Мәдени Азиада» бағдарламасы қызыққа толы болмақ. Арнайы фестивальге дайындалған бағдарламалар қала әкімдігінің ұйымдастырумен 28 қаңтардан 7 ақпанға дейін өтеді.

  • 26 Қаңтар 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

Акцияға барлық ең жақсы деген сахна алаңдары мен мәдени ошақтар тартылған. Мәселен, биыл 75 жыл толған Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің «Ұлы даланың әуендері» атты концерті, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының «Еуразия жүрегінде» атты концерті өтеді. Сонымен қатар қала әкімдігінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің, ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің, Мемлекеттік үрлемелі оркестрінің «Азиада құрметіне фанфарлар» атты концерті, сондай-ақ, «Дос-Мұқасан» тобының және Азия жұлдыздарының концерті болмақ.

«Қазақконцерт» залында орыс композиторларының шығарамаларынан құралған классикалық музыка әуендерін орындайтын «Қазақстан Камератасы» ансамблінің концерті, сонымен қатар, еліміздің танымал орындаушыларының қатысуымен «Азиадаға-Қазақконцерттен» атты музыкалық кеш өтеді.

Өнерсүйер қауымды қазақстандық театрлар біршама қойылымдарымен қуантпақ. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында Азиаданың қонақтары мен қатысушылары «Томирис» драмасын тамашалай алады. Ал, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрында Н.Птушкиннің «Ол өлгелі жатқанда», В.Ерёминнің «Тасқын кезде жындыханадағы өрт» атты қойылымдары мен А.Чеховтың «Шиелі бақ» атты премьерасын көре алады. Республикалық неміс драма театры У.Сароянның «Ашыққандар. Әй, қайсың барсың!» пьесасын, ал корейлік музыкалық комедия театры «Ауылдық кадриль» атты жанрлық қойылымды қоятын болады.

Ал Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Д.Шостаковичтің «Чарли», А.Шниткенің «Сюита», А.Рыбникованың «Юнона» және «Авось» балетін, және Дж.Вердидің «Травиата», Дж.Пуччинидің «Турандот» операларын қоятын болады. Дәл осы театрда Азиаданың жабылуы қарсаңында еліміздің өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт болады.


Перейти к новостям спорта