Жарияланды: 390

Алматыдағы көрсетілімді шара барысында 70 кг-ға жуық есірткі жойылады

9 маусымда Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің аумағында өтетін көрсетілімді акцияның барысында 70 кг-ға жуық есірткі заттары жойылады, деп хабарлайды қаланың ІІД.

«Акция кезінде жедел әрекет етуші арнайы жасақ қызметкерлерінің қатысуымен 70 килограммға жуық есірткі заттарының көзі құртылады», - делінген ІІД ақпаратында. Акция үкіметтің Алматы ІІД ЕБКБ қызметкерлерінің үлгілерді жасауымен есірткілерді жою ережелерін бекіту туралы №1017 қаулысына сәйкес өткізіледі. Сонымен бірге, қалалық ІІД кинологиялық қызметінің орталығының қызметкерлері шеберліктерін көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін