Алматыдағы Лермонтов ат. театрдың 79-шы маусымы Шукшиннің «Чудики» премьералық спектаклімен ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Лермонтов ат. театрдың 79-шы маусымы Шукшиннің «Чудики» премьералық спектаклімен ашылады

Алматыдағы Лермонтов ат. театрдың 79-шы маусымы Шукшиннің «Чудики» премьералық спектаклімен ашылады

Алматыдағы Лермонтов ат. мемлекеттік академиялық орыс театрының 79-шы маусымы Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Владимир Ереминнің қойылымындағы Василий Шукшиннің «Чудики» премьералық спектаклімен ашылады.

  • 19 Қыркүйек 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Маусымның ашылуы – қаланың мәдени өміріндегі елеулі оқиға. Биыл, театр көрермендер үшін 79-шы маусымын ашады. Ол В. Шукшиннің «Чудики» премьералық спектаклімен ашылады, — делінген театрдың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Спектакльге ҚР халық әртісі Гавриил Бойченко, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Платина Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері Владимир Толоконников, ҚР еңбек сіңірген әртістері Валентина Зинченко, Анатолий Креженчуков, Виталий Гришко, Александр Зубов, «Еңлікгүл» сыйлығының лауреаты Виталий Багрянцев, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Анастасия Тёмкина және т.б. қатысады.

Перейти к новостям спорта