Сонымен, 19 сәуірден 20-сына қараған түнде Астана уақыты бойынша сағат 01.00-ден 03.00-ге дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында ішінара жол жабу жоспарланған.
20 сәуірде сағат 8.00-ден 15.00-ге дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан, ШААЖ батыс жағынан және Абай даңғылының оңтүстік жағынан ішінара жол жабылады.
Сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін Абай даңғылынан әл-Фараби даңғылының қиылысына дейінгі Сейфуллин даңғылының бөлігі жабылады.
Еске сала кетейік, 20 сәуірде Алматыда II Алматы марафоны өтеді. Оған тек Қазақстаннан ғана емес, әлемдегі басқа да — АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Литва, Швеция, Ресей, Оңтүстік Корей және т.б. елдерден 10 мыңға жуық адам қатысады. Жүгіру сағат 8.00-де ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан басталып, Орталық стадионда аяқталады.