Алматыдағы медициналық орталық барлық науқасқа тегін ота жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы медициналық орталық барлық науқасқа тегін ота жасауда

Алматыдағы медициналық орталық барлық науқасқа тегін ота жасауда

Жүректен жүрекке. Осындай акция негізінде Алматыдағы Президент ісі басқармасына қарасты медициналық орталық жүрек-тамыр ауруымен келген барлық науқасқа тегін ота жасауда. Бұл үшін қазындан 250 миллион теңге бөлініп отыр.

  • 14 Қараша 2013
  • 365
Фото - Caravan.kz

Айта кетсек, аталмыш клиника бұған дейін тек мемлекеттік қызметтегі шенділер мен лауазымды тұлғаларға ғана ем көрсетумен айналып келген.  Бірақ соңғы екі жылдан бері жалпы жұрттың барлығын қабылдауда. Квотамен келгендеріне тіптен тегін. Мәселен, мына операция үстелінде жатқан кісі саяси тұлға, немесе жоғары элитаның өкілі емес. Бар болғаны, мемлекеттік жеңілдікке ие науқастың бірі. Оған отаны орталықтың ең білікті деген хрургтары жасады. Орталық жоспары бойынша, жыл соңына дейін бюджеттен бөлінген 250 миллион теңге игеріп, әлі біраз адамға тегін көмек көрсетпек. 


Серік Меңдықұлов, кардиохирург:

— Соңғы екі жылдың ішінде емделе келген науқастардың 90 пайызы арнайы квота алғандар. Мұнда жүрек қантамыры ауруының барлық түріне ота жасалады. Мамандарымыз барлығы да оған дайын.