Алматыдағы менингококк инфекциясы: Тағы төрт адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы менингококк инфекциясы: Тағы төрт адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді

Алматыдағы менингококк инфекциясы: Тағы төрт адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді

Алматыда тағы төрт адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

  • 23 Мамыр 2018
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова хабарлады.

"Бүгінде 51 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. 3-4 күнде тағы 4 адам келді. Олардың барлығы бақылауда. Менингококк инфекциясы анықталған жоқ, олар диагностика үшін алдын ала тексерілу үшін келіп жатыр", — деп түсіндірді Айзат Молдағасымова.

"Келген 47 адамның 21-інен диагноз анықталды, 15 адамның диагнозы расталмады. Тағы 11 адам бақылауда", — деді Айзат Молдағасымова.

Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды — екі ересек адам мен бір бала.

Оқи отырыңыз:

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді 

Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты 

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді
 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар