Сөйтіп, «Алматыметроқұрылысы» АҚ-ның бас директоры Мұрат Өкшебаевтың айтуынша, 2004-жыл бойына болашақ үш бекеттің, соның ішінде «Райымбек» бекеті арасындағы өткелек үңгіжолдарды тарту жұмысы аяқталды. Қазіргі жағдаймен тартылған жол ұзындығы 10 шақырымды құрайды. Бұл бірінші кезекте пайдалануға берілетін жол ұзындығының 60 процентіне тең.
М.Өкшебаевтың хабарлауынша, 2004-жылы кәсіпорын 1809 млн. теңге игерді. Ал 2005-жылға 20 млрд. теңге сұралып отыр. «Алайда, әзірге республикалық бюджеттен 5,28 млрд. теңге бөлу туралы мәселе шешілді». Жұмсалатын қаржы көлемінің артуы жер асты үңгіжолдарын тартуға арналған жаңа жабдықтар сатып алу мақсатына байланысты. Нәтижесінде үңгіжолдарды тарту жыламдығы 2-2,5 есе артып, тәулігіне 10 метр жол тартуға мүмкіндік жасалумен бірге метро бекеттерін салу жылдамдығы артады. «Жібек жолы» аталатын алғашқы бекет құрылысы 2005-жылдың ақпан айында басталады. Бекеттерді сала бастау метро құрылысшыларының санын 260-тан 500 адамға дейін арттыруды талап етпек.
М.Өкшебаевтың айтуынша, метро құрылысының бірінші кезегінің құрылысы қаржыландыру дұрыс жүзеге асырылған жағдайда 2008-жылы аяқталып, үш жер үсті, төрт жер асты станциясы, барлығы 7 бекет салынады.