Алматыдағы метро құрылысын салып бітіру және бір рельсті жол тарту жобасы 2004-жылдың екінші жартысында жүзеге асырыла бастайды - В.Храпунов - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы метро құрылысын салып бітіру және бір рельсті жол тарту жобасы 2004-жылдың екінші жартысында жүзеге асырыла бастайды - В.Храпунов

Алматыдағы метро құрылысын салып бітіру және бір рельсті жол тарту жобасы 2004-жылдың екінші жартысында жүзеге асырыла бастайды - В.Храпунов

Алматыдағы метро құрылысын салып бітіру және бір рельсті жол тарту жобасы 2004-жылдың екінші жартысында жүзеге асырыла бастайды. Бүгін, 7-сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін журналистерге арналған қысқаша баспасөз мәслихатында В.Храпунов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Сәуiр 2004
  • 483
Фото - Caravan.kz

В.Храпунов осы орайда Алматы әкімшілігінің былтырдан бері осы бағытта АҚШ-тың ІСС компаниясымен жұмыс істеп жатқанын еске сала кетті. Қазіргі жағдаймен бұл компания Алматы әкімшілігіне концессия туралы келісім-шартының жобасын дайындап таныстырған.

10-сәуірде компания басшылығынан құралған өкілдер Алматыға келеді деп күтілуде. Келісім-шартына қол қоюға байланысты барлық құқықтық мәселелер бір аптада дәйектелемекші. Бұдан әрі біз жобаны жылдың екінші жартысынан жүзеге асыра бастау үшін шартқа отырудан үмітіміз бар,- деді В.Храпунов.
Жоба құны 1 млрд. долларға бағаланған. Бастапқы кезеңде метроның 8,4 шақырымдық бірінші желісі мен бір рельсті шойын жолдың 47 шақырымы тартылады.

Соңғы жаңалықтар