Алматыдағы Наурызбай ауданында ТЖ режимі алынып тасталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Наурызбай ауданында ТЖ режимі алынып тасталды

Алматыдағы Наурызбай ауданында ТЖ режимі алынып тасталды

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 2015 жылдың 23 шілдесінде жария етілген Төтенше жағдай режимі алынып тасталды. 

  • 18 Тамыз 2015
  • 661
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

«Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін Наурызбай ауданын аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ қала басшысы Қарағайлы өзенінің су арнасын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты және су тоғанының сүзгілеу стансасын, селден қорғау бөгетін, су тазарту стансасын аралап, білім нысандарының алдағы оқу жылына дайындығын тексерді», — делінген хабарламада.

Одан басқа, Бауыржан Байбек осы жұмыс сапары барысында қалалық  орган басшыларымен көшпелі кеңес өткізді. Онда мемлекеттік органдардың жетекшілері атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады. Жиын барысында тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге арналған техникалық жабдықтарды қалпына келтіру жұмыстарының оң нәтиже беріп жатқандығы және тазартудың толық кезеңінен кейін ауыз су сапасының біршама жақсарғандығы айтылды. 

Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 13 шақырым болатын Қарағайлы өзенінің зақымдалған 7 шақырымының 5 шақырымнан астам жері тазартылып,  жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді.

406 участок тазартылып, 175 855 текше метр тұрмыстық қалдықтар, лай және тас үйінділері шығарылды.

Ұлттық гвардияның нөмірі №28237-ші әскери бөлімі жауынгерлері мен техникасының көмегімен нөмірі №187-ші орта мектептің жертөлелік бөлмелері тазартылды. Қазіргі сәтте мектеп 98 пайызға тазартылған.

Қала басшысы Төтенше жағдайды болдырмау мақсатында бірқатар алдын алу шараларын жүргізуді тапсырды. Өзен жағалауын нығайту керектігін баса айтты. Сонымен қатар, сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Тұрғындар Елбасының көрсетіп жатқан қамқорлығына және сел салдарын жою барысында барлық мемлекеттік құрылымдардың үйлесімді әрекет жасағандарына алғыстарын айтып, зардап шеккен аудандарда күнделікті тұрмыс-тіршілік бұрынғы қалпына біртіндеп келіп жатқандығын жеткізді.  

«Төтенше жағдай режімін алып тастау туралы шешім қабылданды. Енді, бұдан кейінгі тазарту, абаттандыру жұмыстарын коммуналдық қызметтер штаттық режімде жүргізетін болады. Қазір бірінші кезектегі мідеттердің бірі — барлық үш мектепті алдағы оқу жылына жақсылап дайындау. Барлық техникалық және санитарлық нормалар сақталатын болсын. Балалар зардап шекпеуі керек. Ең бастысы, өзен арнасын бекітіп, нығайту қажет», — деді Б. Байбек. 


1
3
4
5
6
7
8
9

Соңғы жаңалықтар