Алматыдағы Никольский базарының орнында тұрғын үй кешені салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Никольский базарының орнында тұрғын үй кешені салынады

Алматыдағы Никольский базарының орнында тұрғын үй кешені салынады

 

  • 22 Қаңтар 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz


Никольский базарының орнында тұрғын үй кешені салынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин баспасөз конференциясында айтты.

Оның айтуынша, базар аумағының нысан мақсаты өзгерген. Оразалин сондай-ақ, базардағы сауда-саттық осы жылдың сәуіріне дейін жалғасатынын айтты. "Никольский базары аумағында тұрғын үй кешені салынатын болып өзгерді. Онда 170-ке жуық кәсіпкер қазіргі уақытта сауда-саттық жасап жүр. Бірақ базардың 2020 жылы сәуірге дейін ғана істейтіні туралы хаттама алды. Яғни, олар жоспарлау мүмкіндігіне ие болды. Олардың 20-30 пайызы басқа жерлерге кетті. Қалғандарына басқа базарларда орын табу ұсынылды. Бір жақты тәртіппен ешкімді базардан қуып жатқан жоқ", — деді Оразалин. Осыған дейін, Алматыдағы ескі базарлардың бірі — Никольский — жөнделетіні айтылды. Оның орнына сауда орталығы салынады деп жоспарланған. Базардың сүрілетіні туралы 2019 жылы желтоқсанда белгілі болды. Базар әкімшілігі сүрілмейтінін, яғни контейнерден құралған базарға жөндеу жүргізілетінін айтқан болатын.
 

Соңғы жаңалықтар