Жарияланды: 400

Алматыдағы нөсер жауын салдары

Кеше Алматыда жауған нөсер жауын салдарынан үйлерді су басып, ағаштар қшлады, бірқатар аудан тұрғындары жарықсыз қалды.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі күні бұршақ аралас жауын мен қуаты секундына 11 метрге жеткен күшті жел салдарынан 12 қосалқы станция істен шығып, электр тарату желілері үзілген. Салдарынан Бостандық, Алмалы және Әуезов ауданындағы тұтынушылар электр жарығынсыз қалды. Сонымен қатар, 16 үй мен ауланы су басып қалған. Қала бойынша 5 ағаш көліктердің үстіне, 14 ағам жаяу жүргіншілер мен көлік жолына құласа, бірнеше ғимараттың шатыры бүлініпті. Медеуге барар жолда 30 шақты ағаш опырылып құлаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін