Алматыдағы Орталық мұражайда «XX ғ. - суретшілер туындыларындағы дәстүрлі қазақ мәдениеті» атты көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Орталық мұражайда «XX ғ. - суретшілер туындыларындағы дәстүрлі қазақ мәдениеті» атты көрме ашылды

Алматыдағы Орталық мұражайда «XX ғ. - суретшілер туындыларындағы дәстүрлі қазақ мәдениеті» атты көрме ашылды

Бүгін Орталық мұражайда «XX ғ. суретшілер туындыларындағы дәстүрлі қазақ мәдениеті. Мемлекеттік Орталық мұражай коллекциясынан» атты көрме ашылды.

  • 25 Наурыз 2011
  • 943
Фото - Caravan.kz

Ол Наурыз мерекесіне орайластырыла ұйымдастырылып отыр.

«Мемлекеттік орталық мұражайдың «Бейнелеу өнері» қорында халқымыздың тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, материалдық мәдениетін бейнелейтін 3500-ден астам көркемсурет туындылары мен кескіндемелері сақтаулы. Мұражай топтамасында этнографиялық мәлімет көзі болып табылатын көркемөнер туындыларының мол шоғыры топтасқан. Көрмеге топтамадағы ең бірегейлері ғана іріктеліп алынды. Қазіргі таңда аталмыш қорда көрнекті қылқалам шеберлері Н.Г.Хлудовтың жұмыстарынан бастап, Ә.Қастеев, Ф.И.Болкоев, Б.И.Урманче, В.В.Каптерев, Қ.Т.Телжанов, М.Г.Қалымов, М.С.Кенбаев, С.Айтбаев, У.Әжиев, О.Нұржұмаев және т.б. көптеген қылқалам шеберлерінің жұмыстары қордың коллекциясының қалыптасуының өзегін құрады. Көрмеге осы жоғарыда аталған қылқалам шеберлерінің дәстүрлі мәдениет тақырыбындағы еңбектері қойылған» — дейді ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайы директорының бірінші орынбасары Бейбітқали Қақабаев.

Көрменің басты мақсаты — ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының «Бейнелеу өнері» қорының негізінде тұңғыш рет ауқымды түрде этнографиялық сюжетке бай, тарихи танымдық тағылымы айрықша көркемөнер туындыларын көрсету.

Осыған орай, бұрын көрермен назарына ұсынылмаған тың көркемөнер туындыларын, соның ішінде кенеп майлы бояу, бейнелеу өнерінің 60-қа жуық сақтам бірліктері көпшілік қауымға көрме арқылы ұсынылды.

Көрмеге қойылған көркемөнер туындылары арқылы көпшілік қауым халқымыздың мәдениетімен, әдет-ғұрпымен және тұрмысымен етене жақын танысуға мүмкіндік алды.

Көрме 25 наурыздан 5 сәуірге дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта