Алматыдағы орталық стадионда ауыл жылына арналған акция басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы орталық стадионда ауыл жылына арналған акция басталды

Алматыдағы орталық стадионда ауыл жылына арналған акция басталды

Бүгін, 9-шілдеде Алматыдағы орталық стадионда ауыл жылына арналған "Денсаулық жолы" атты акция басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Шiлде 2003
  • 565
Фото - Caravan.kz

Шараны ашып сөз сөйлеген Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі Ұлттық орталықтың бас директоры Айқан Ақановтың айтуынша, аталмыш шара билік мекемелері мен қоғам назарын денсаулық сақтау мәселесіне аударуға бағытталады. Акцияның басты мақсаты — халықты салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.

Осындай шара ұйымдастыру жөніндегі бастаманы Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі Алматы облыстық және Алматы қалалық орталықтары көтерген. Бағдарлама Алматы қалалық және Алматы облыстық әкімшіліктері мен ЮСАИД-тың Здравплюс жобасының қолдауымен жүзеге асырылуда.
12-шілдеге дейін жалғасатын шара аясында дәрігерлер мен әкімшілік өкілдері Алматы — Үштөбе — Қарабұлақ — Балпық би -Жаркент бағытында жол тартып, аялдама жасаған жерлерде жергілікті тұрғындарға денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу тақырыбында дәрістер оқып, салауатты өмір салтын дәріптейтін үнқағаздар, плакаттар мен хабарламалар таратады.
«Денсаулық жолы» бағдарламасының жобасы 2002-жылдың басында жасалған. Бағдарламаны жүзеге асыруға 300-ге жуық мекемелер мен ұйымдар атсалысуда.

Соңғы жаңалықтар