Фестиваль мақсаты — ғылыми шығармашылықпен шұғылданатын дарынды жастар үшін ұйымдастырушылық және экономикалық тұрғыда қолайлы жағдайлар жасау болмақ.
Биылғы байқаудың сыйлық қоры 20 млн. теңгені құрап, жобаларға жеңілдетілген несие түрінде беріледі. Қаржы қалалық бюджеттен кері қайтарып беру шартымен бөлінеді.
Байқауға қаладағы 20-дан астам жоғары оқу орындары мен жастар ұйымдарының бірлестіктері қатысады.
24-ақпанда Әл-Фараби таындағы Қазақ Ұлттық университетінің Студенттер сарайында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізіліп, бірлескен концерт ұйымдастырылады.