Алматыдағы қаржылық орталық алдағы 3-5 жылда құрылуы мүмкін - сарапшылар - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы қаржылық орталық алдағы 3-5 жылда құрылуы мүмкін - сарапшылар

Алматыдағы қаржылық орталық алдағы 3-5 жылда құрылуы мүмкін - сарапшылар

Алматы Орталық Азия аймақтық қаржылық орталық ретінде 3-5 жылда қалыптасады. Бұл туралы бүгін, 10-наурызда "The Boston Consulting Group Inc." (BCG) консалтингтік компаниясының вице-президенті Антонио Риера ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовпен кездесуден кейін пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Наурыз 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

А.Риераның пікірінше, «қаржылық орталықты құруға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілген жағдайда» аталған мерзім шындыққа айнала алады. Үкімет басшысымен кездесуде BCG консалтингтік компаниясының аралық зерттеулерінің қорытындысы, қаржылық орталық құруға қолайлы жағдайлар жасау мүмкіндіктері мен баламалы даму үлгілері талқыланған. Осыған байланысты қаржылық рынокты реттеуге қатысты қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер сараланды.

«Кездесуде алдағы жұмыс жоспары дәйектелді»,- деді BCG компаниясының вице-президенті. Үкімет басшысы министрлік өкілдеріне алдағы 4-5 аптада жүзеге асырылуы тиіс нақты қадамдар төңірегінде тапсырмалар жүктеді.
Дегенмен, А.Риераның айтуынша, үкіметке ұсынылған баламалы екі үлгінің арасынан қаржылық рынокты дамытуға бағытталған нақты үлгіні таңдау мерзімін дөп басып айту қиын. «Үлгілер алдағы бірнеше апта бойы талқыланады. Осындай пікірталастардың нәтижесінде тиісті шешім қабылданады»,- деді ол.
А.Риераның айтуынша, баламалы екі үлгіні жобалау барысында компания Қазақстанның қаржылық рыногына қатысушы 100-ден астам банктер, зейнетақы қорлары мен эмитенттердің ұсыныстарын талдаған. «Нәтижесінде біз олардың пікірін жан-жақты ескердік деп сенеміз»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта