"Алматыдағы қазақ қыздарын аулаймыз": Қазақтар ресейліктердің "әйелдерді арбау" бойынша тренинг өткізуіне қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алматыдағы қазақ қыздарын аулаймыз": Қазақтар ресейліктердің "әйелдерді арбау" бойынша тренинг өткізуіне қарсы шықты

"Алматыдағы қазақ қыздарын аулаймыз": Қазақтар ресейліктердің "әйелдерді арбау" бойынша тренинг өткізуіне қарсы шықты

Алекс Лесли лақап атымен танымал Александр Куриллов 19-27 қараша аралығында Алматы қаласында қыздарды арбау техникасы бойынша тренинг өткізетінін мәлімдеді. Ал қазақстандық белсенділер мұны "сайлауалды арандату" деп бағалап, тренингтердің өтуіне тыйым салуды ұсынды.

  • 11 Қараша 2022
  • 4173
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Алекс Лесли өз тренингі жайлы видео жариялап, мұны өзіндік "мобилизация" деп атаған.

"Украинада мобилизация жүріп жатқанда, біз Қазақстанға барамыз. Өте қызық болады деп ойлаймын. Сондықтан біз өзіміздің мобилизациямызды жарияладық", – дейді ол.

Ал әлеуметтік желідегі жазбасында тренингке билетті алғашқылардың бірі болып алғандарға үлкен жеңілдік ұсынылатыны жазылған.

"Еліктіру бойынша танымал тренинг Қазақстанда, көшеде әдемі қыздары көп Алматыда демалыс пен қыздарды арбауды үйлестірудің ең тиімді нұсқасы", – делінген жазбада.

"Region 18" ақпарат агенттігінің бас редакторы Мұрат Сүлейменов Алекс Леслидің тренингін "сайлауалды арандатудың бір жолы" деп бағалады. Сөзінше, Лесли 2018 жылы Ресейде саяси даудың ортасында қалған. Оның әрекеттері туралы оппозиционер Алексей Навальный арнайы деректі фильм түсірген.

"Түсінбегендер болса, Алекс Лесидің Настя Рыбка және олигарх Олег Дерипаскамен саяси дауға қатысы бар. Рыбка – Алекс Леслимен бірге ресейлік үкімет мүшелеріне сексуалды қызмет көрсетумен айналысқан. Олардың әрекеті Алексей Навальныйдың "Яхты, олигархи, девочки: Охотница на мужчин разоблачает взяточника" фильмінің негізі болды", — деп жазды ол.

Сонымен қатар журналист Алекс Леслидің Таиландта өткізген тренингі кезінде тұтқындалып, ұзақ уақыт қамауда болғанын да айтып өтті. Ал бос шығуына Ресейдің арнайы қызметі көмек көрсеткен.

"Мұның барлығы "Алматы қазақ қызын еліктір" атты тренингі арандату екенін көрсетеді. Көрші елде әлдекімдерге қазақтарды агрессияға итермелеу қажет болып отыр, әрі дәл сайлау алдында. Лесли мен Рыбканы көптеген ресейлік блогерлер арнайы қызмет агенттері және саяси арандату мен бопсалауды ұйымдастырушы деп атайды", – дейді ол.


"Алтай жұлдызы" кітабының авторы Марлен Зиманов Алекс Леслидің Алматыда тренинг өткізуіне тыйым салу керегін мәлімдеді.

"Өз әйелдерін қорлаудан қорғай алмайтын ұлт. Кавказдық бауырларымнан кешірім сұраймын. Бірақ неге мұндайлар Кавказ туралы ештеңе жазбайды. Себебі Кавказ әр уақытта өз әйелдерін қорғайды. Эльзаны өлтірген қаніпезер өлер алдында кімді көргені естеріңізде шығар. Ал оның жерлеуіне барша Кавказ шықты", – деп жазды ол өз Facebook-парақшасында.

Алекс Лесли кім?

Алекс Лесли немесе Александр Куриллов – қыздарды арбау техникасын үйрететін бірнеше кітаптың авторы. 2018 жылы Лесли Таиландта заңсыз тренинг ұйымдастыру және еңбек заңнамасын бұзу күдігімен қамауға алынған. Кейін бұл айыптар алынып тасталып, құпия қылмыстық топ құру және сексуалды сипаттағы қызмет ұсыну баптарымен күдікті деп танылған. Көп ұзамай оларға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, Ресейге депортацияланды.

ВВС мәліметінше, Ресейге келген соң Алекс Леслидің үстінен “жезөкшелікпен шұғылдануға еліктіру” бабымен іс қозғалған. Ал қол астындағылар желідегі парақшасына атқарылған жұмыстың “есебін жүктеп отырған”.

Соңғы жаңалықтар