Алматыдағы Қонаев атындағы университетте тонаушылық жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Қонаев атындағы университетте тонаушылық жасалды

Алматыдағы Қонаев атындағы университетте тонаушылық жасалды

16-қыркүйек күні күндізгі сағат 13-те Алматыда белгісіз екі қылмыскер Д.Қонаев атындағы университеттің кассасын тонап кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2003
  • 597
Фото - Caravan.kz

Университеттің кассасына басып кірген қылмыскерлер 31 жастағы кассир әйелден 700 мың теңгені тартып алып ізін жасырған. Бір қуанарлығы, тонаушылар университет кассасын толық үптей алған жоқ. Олар қашып құтылған кезде кассада тағы 2 млн. теңге қалыпты.

Тонаушылық әрекетке күдіктілердің бірін «Боран-104» күзетшілер жасағы ұстап алды. Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынынан полиция қызметкерлері 364 мың теңге тәркіледі. Тұтқынның айтуынша, ақшаның жартысы оның сыбайласында көрінеді. Қазір қылмыскердің аты-жөні анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар