Алматыдағы сел қаупі: 400-ден астам полицей дабылмен көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы сел қаупі: 400-ден астам полицей дабылмен көтерілді

Алматыдағы сел қаупі: 400-ден астам полицей дабылмен көтерілді

Алматының төрт ауданының полиция қызметкерлері сел жүру қаупіне байланысты таңертең ерте аяғынан тік тұрды.

  • 14 Тамыз 2019
  • 32
Фото - Caravan.kz

Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүруіне байланысты дабыл қағылып, қосымша төрт жүз полицей жұмысқа кірісті. Тәртіп сақшылары өз міндетін атқарумен қатар, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты.

"Полиция қызметкерлерінің басты міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршау, көліктерді алып кету, қауіпсіз жерге эвакуациялау және халықты хабардар ету", — деп атап өтті Алматының полиция департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров.

Оның айтуынша, жағдайды бақылауда ұстау үшін, полицияның сыртқы күштері – патруль экипаждары ғана емес, учаскелік инспекторлар, арнайы батальон жасағы, аудандардың жедел тергеу топтары жұмылдырылды.



Сондай-ақ Бектұров хабарлағандай, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауымен Ұлттық ұлан сарбаздары селдің салдарын жоюға дайын тұр.

Соңғы жаңалықтар