Алматыдағы Свято-Никольский шіркеуінде өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Свято-Никольский шіркеуінде өрт шықты

Алматыдағы Свято-Никольский шіркеуінде өрт шықты

Мамырдың 19-ынан 20-на қараған түні Алматыдағы Свято-Никольский шіркеуінде өрт шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 20 Мамыр 2004
  • 592
Фото - Caravan.kz

Өрт туралы ақпарат «01»-ге түн ортасы шамасында келіп түскен. Оқиға орнына 17 өрт сөндіру машинасы келіп жетті. Шіркеу шатырының оңтүстік-батыс жағын өрт шалып, тілсіз жау шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады.

Өрт түнгі 1 сағат 58 минутта сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазір Алматы қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Шығын көлемі есептелуде.
Ал шіркеу қызметкері Валерий Захаровтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, шіркеу өз жұмысын тоқтатқан жоқ.
Астана-Алматы Епархиялық басқармасына қарасты Свято-Никольский шіркеуіне биыл 95 жыл толады.

Соңғы жаңалықтар