Алматыдағы Тәуелсіздік монументі неге қоршауға алынды? - kaz.caravan.kz
  • $ 518.37
  • 609.97
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Тәуелсіздік монументі неге қоршауға алынды?

Алматыдағы Тәуелсіздік монументі неге қоршауға алынды?

 Алматы әкімдігі Тәуелсіздік монументінің неге қоршауға алынғанын түсіндірді.

  • 19 Қараша 2015
  • 781
Фото - Caravan.kz

Қалалық Мәдениет басқармасының басшысының міндетін орындаушы Ерболат Әуезов ҚазАқпарат агенттігінің арнайы сауалына жауап берді. 

«Ескерткіш орнатылғалы бері мәдени нысанға арнайы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Салдарынан постаменттің гранит тақтайшалары сынып, бір-бірінен ажырағандықтан, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс 25 қарашада аяқталады», — деді Ерболат Әуезов.
Айта кету керек, Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші 2006 жылы орнатылды. Жұмыстың авторы — Қазақстан дизайнерлер одағының төрағасы Тимур Сүлейменов. 
Аталған ескерткіш қазанның айының соңында қоршауға алынған болатын. Қоршау ішінде екі аптадай жұмыс жүргізілген жоқ. Қазір ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары басталды.