Алматыдағы театрда «Қош келдің, Құрбан айт!» кеші өтті (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы театрда «Қош келдің, Құрбан айт!» кеші өтті (ФОТО)

Алматыдағы театрда «Қош келдің, Құрбан айт!» кеші өтті (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы драма театрында «Қош келдің, Құрбан айт!» атты рухани-мәдени кеш өтті.

  • 6 Қазан 2014
  • 465
Фото - Caravan.kz

Тұңғыш рет ұйымдастырылған игілікті шарада бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған қауымды Құрбан айтпен құттықтады.

«Құрбан айт — бірлік пен игіліктің мерекесі. Бұл тек құрбан шалу науқандық шарасы емес. Бұл күндері көршілер мен ағайын-туыстарды аралап, отбасымызды шаттықа бөлеу — сауапты іс», — деді бас мүфти.

Шарада М.Әуезов театрының Бекжан Тұрыс бастаған белгілі актерлері қарттар туралы қойылым көрсетті. Халық әншісі Ескендір Хасанғалиев пен танымал әнші Сәкен Майғазиев ән шырқап, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов тағылымды терме орындады.

Сондай-ақ «Арлан» квартеті мен «Арғымақ» тобының орындауындағы ән мен күй жиналған қауымның құлақ құрышын қандырды, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан.


театрда

театрда

театрда

театрда

Перейти к новостям спорта