ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянина Фейсбуктегі парақшасында трамвай жолдарымен жүру ережесі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Алматыда трамвай жүрмейтіндігіне қарамастан жүргізушілер трамвай жолдарына қатысты ережелерді, оның ішінде ЖҚЕ 9,6 баптарын сақтауы тиіс. Өз бағытында кездесетін трамвай жолын басуға рұқсат берілген. Сондай-ақ, ереженің 8 тарауының 6 тармағын ескере отырып айналып өтуге, басып озуға, солға бұрылуға рұқсат етілген», — деді ол. Алайда, қарама қарсы беттегі трамвай жолын басуға тыйым салынған. Сондай-ақ, жолда 5.8.1. немесе 5.8.2 белгілері тұрған болса, трамвай жолын кесіп өтуге болмайды. Айта кету керек, қазіргі таңда мұндай белгілер түгел алынып тасталған.