Кітапхана қызметкерлерінің хабарлауынша, осы оқиғаға арнайы Ұлттық кітапхана «Әрбір сөзден де құдай күлімдеп тұрды…» («И в каждом слове улыбался бог…») атты кітаби-көркемделген аккадемиялық көрме дайындап отыр. Шығармашылық кеште бейнеролик пен СD-диск көрсетіледі.
Кеште жақында құрылған «Олжас кітапханасы» атты баспа үйінің таныстырылымы болады. Ол қазақтың ұлы ақынының құрметіне жеті кітап басып шығарды (құрастырушысы — танымал ақын Сафар Абдулло). Олардың арасында әлемге танымал болған «Аз и Я», «Глинянная книга» («Қыш кітап»), «И в каждом слове улыбался бог…» атты өлеңдер кітабы және басқа да шығармалар бар.
Олжас Сүлейменовпен кездесуге дипломатиялық корпус өкілдері, танымал жазушылар мен ақындар, шығармашылық бірлестіктер мен ұжым, ғылыми-білім беру мекемелерінің, кітапханалардың, баспагерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері шақырылды.