Министр тергеушілер тобының жұмысына әсер ете алмайтынын айтып, қамауға алынғандардың атын атаудан және тергеу барысы туралы түсініктеме беруден бас тартты. Алайда, оның айтуынша, қылмыс бір топ адамның алдын-ала сыбайластығы негізінде жүзеге асырылған.
З.Тұрысбеков аталмыш қылмысқа қатысты тергеу жұмыстары оның тікелей өз бақылауында екенін еске сала кетті. «Тергеу барысы аяқтала сала біз бұл туралы ақпаратты бірінші болып таратамыз»,- деп сендірді министр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12-мамырда Алматы орталығында жарылғыш зат жарылып, бір адам мерт болған. Полицияның ресми мәліметіне сәйкес, бұл — алдын-ала жоспарланып жасалған қасақана кісі өлтіру оқиғасы.