Алматыдағы жарылысты тексеруді ҚР ішкі істер министрі тікелей өз бақылауына алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы жарылысты тексеруді ҚР ішкі істер министрі тікелей өз бақылауына алды

Алматыдағы жарылысты тексеруді ҚР ішкі істер министрі тікелей өз бақылауына алды

Кеше, 12-мамырда Алматыда болған жарылысты тексеруді ҚР ішкі істер министрі тікелей өз бақылауына алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 13 Мамыр 2004
  • 511
Фото - Caravan.kz

Қазір оқыс оқиғаны тексеру жұмыстарымен » тәжірибелі қызметкерлерден құралған» жедел тергеу тобы айналысып, «барлық бағытта бірдей жұмыс істеуде». Жарылыс дерегі бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаменті де дербес тексеру жүргізуде.

Полицияның ресми долбарына жүгінсек, кешегі оқиға адамды қасақана өлтіруге бағытталған. ІІББ-ның мәліметі бойынша, опат болған адам жарылғыш зат салынған дорбаны қолында ұстап жүрген. Жарылыс дорбаның аузын ашқан кезде шыққан сыңайлы. Қазіргі жағдаймен қаза тапқан адамның аты-жөні анықталды. Оның Алматыға Ақмола облысынан келгені белгілі болды.
Ішкі істер бас басқармасындағылар «Мерседес» автокөлігін ұстау оқиғасына да түсініктеме берді. Автокөлік оқиға орнына таяу жерде тұрып, жарылыстан бірнеше секундтан кейін оқиға орнынан із жасырған. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұстау кезінде көлікте тек жүргізуші ғана отырған, қазір оның «оқиғаға қатыстылығы тексеріліп жатыр».
Құқық қорғау мекемелеріндегі тағы бір ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, оқиғаға қатысты тағы да екі түрлі жорамал айтылуда. Олардың бірі бойынша, жарылыс Израиль елшілігінің жанында болуы тиіс еді. Елшілік ғимараты Желтоқсан көшесінің бойында, оқиға болған жерден бір квартал қашықтықта орналасқан.
Израиль елшілігінің баспасөз-атташесі міндетін уақытша атқарушы Альфия Гарееваның KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, қазір дипломатиялық өкілдіктегі «тиісті күзет қызметтері қауіпсіздік шараларын күшейтті».
Тағы бір жорамалға жүгінсек, жарылыс Желтоқсан көшесі 96-шы үйде орналасқан Silk Way group компаниясына қарсы бағытталған болуы мүмкін.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жарылыс кеше жергілікті уақытпен 16 сағат 10 минутта болды. Жарылыс салдарынан 30-35 жастар шамасындағы бір еркек зардап шегіп, көп кешікпей қайтыс болды. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобының мүшелері ТТ маркалы тапанша, киім бөлшектері мен көп мөлшерде ақша тауып алды.
Кешеден бері Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Соңғы жаңалықтар