Қаржы полициясының мәліметіне қарағанда, құйтырқы әрекеттер 2 жыл бойы жалғасып келген. Сыбайластар осы сарайда қиылған әрбір екінші некені ресми тіркеуге алмапты. Яғни, одан түскен ақшаны қалталарына басқан. Ал мұнда неке қию салтанаты 112 мың теңгеден басталады. Орта есеппен мұнда айына жүзге жуық жұп қабылданады екен. Қаржы полициясы, Әлия Тұтқышева бастаған топтың көмейіне кеткен қаржы көлемі 157 млн теңге дейді. Қазір директордан басқасы қамауда отыр. Ал басшының өзі қолхатпен бостандыққа жіберіліпті.